Героин алып өтпек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Героин алып өтпек болғандар ұсталды

21.07.2014
Героин алып өтпек болғандар ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасынан 3 келі героин алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Оқиға Павлодар шекара отрядына қарасты «Қосақ» бақылау бекетінде болды.

Бақылаушылар «Астана-Кемерово» бағытында «ВАЗ» маркалы автокөлікпен келе жатқан Ресей азаматын ұстайды. Тексеру кезінде көлікті тінткен қызметтік ит мазасызданып, иесіне белгі береді.

Ал арнайы құралдың көмегіне жүгінген бақылаушылар машинаның жанармай құятын багынан жарты литрлік шөлмектерге жасырылған 3 келі героин табады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу