Қарағандыда 40 келі героинмен қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 40 келі героинмен қылмыстық топ ұсталды

23.09.2014
Қарағандыда 40 келі героинмен қылмыстық топ ұсталды

Қарағандылық тәртіп сақшылары есірткі саудасымен айналысып келген ірі қылмыстық топты қолға түсірді. Тінту кезінде олардан 40 келі героин  тәркіленген.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олар есірткіні Қырғыз елінен Ресейге алып өтпек болған.  Жедел іздестіру шаралары барысында үш адам мінген автокөлік тоқтатылып, 40 қалтаға салынған 40 келі героин табылған.

Мамандардың айтуынша, оның қара базардағы құны 131 миллион теңгеден асып жығылады. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу