Өзбекстаннан 6 тонна өнімді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстаннан 6 тонна өнімді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

28.05.2020

Қазақ-өзбек шекарасы арқылы ел аумағына 64 миллион теңгенің тауарын заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. «Сарыағаш» кеден бекетінде тоқтатылған темір жол вагондарынан жеңіл автокөлікке арналған 954 шина, 220 дана электронды сорғы және тігін машиналарына арналған электронды моторлар тәркіленді. Тауарлардың ешбірі кедендік декларацияда көрсетілмеген. Сондай-ақ тап осындай қылмыс «Қапланбек» кеден бекетінде де болды. Әккі кәсіпкерлер кедендік рәсімдеуден өтпеген 6 тоннадан астам өнімді ел аумағына заңсыз алып өтпек болған. Олар тауарды шекара асыру барысында жүк көліктерінің ішін бос деп көрсеткен.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу