Парижде шабуылшы пышақпен 7 адамды жаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде шабуылшы пышақпен 7 адамды жаралады

10.09.2018

Парижде бір ер адам пышақпен шабуылдап, 7 адамды жаралады. Оқиға жергілікті уақытпен кешкі 22:45-те кинотеатр жанында болған. Қолына темір шыбық ұстаған қылмыскер алдымен екі ер адам мен бір әйелді жаралады. Кейін, жақын жерде болған куәгер шабуылшыға шар лақтырып, оны қорқытып жібереді.

Бұл жерден қашып кеткен қылмыскер кейін екі британдық туристке шабуыл жасаған екен. Күдіктіні қылмыспен күрес бригадасы қызметкерлері қолға түсірді. Оның әрекетінен жараланғандардың 5-еуі аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала мәліметтерге сай, оқиғаның терактімен қатысы жоқ. Оның мән-жайы анықталып жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу