Қару-жарақ ұрлығына қатысты сот отырысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қару-жарақ ұрлығына қатысты сот отырысы басталды

05.08.2020

Шымкентте әскери бөлімдегі қару-жарақ ұрлығына қатысты сот отырысы басталды. Бұл қылмыстық іс бойынша 8 адам күдікті деп танылған. Оның біреуі – әскери қызметкер.

Абақтыда отырған алтауы сот отырысына онлайн қатысты. Бостандықта жүрген 2 еуі сот залына өздері келді. Прокурор сол екеудің бірін уақытша тергеу изоляторына қамауды сұрады.

Еске салайық, бұл оқиға биыл 20- ақпанда болған. Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде келісім шартпен жұмыс істеген кіші сержант Абылай Балғынбай қару ұрлап, қашып кеткен. Қылмыскер сол күні қолға түсті. Ол бас-аяғы 29 автоматты, 16 Макаров, 1 Стремир тапаншасын қолды қылғаны анықталды. Тіпті екі бірдей тапаншаны 120 мың теңгеге сатып үлгерген. Қалған 7 күдікті қаруды жымқыру не қорқытып алу, заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру баптары бойынша сот алдында жауап беруде.

Гүлжазира Ғали

Хабарламаларға жазылу