Жұмыс іздесеңіз, жәрмеңкеге келіңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыс іздесеңіз, жәрмеңкеге келіңіз

17.07.2014
Жұмыс іздесеңіз, жәрмеңкеге келіңіз

Егер жұмыс іздесеңіз, жәрмеңкеге келіңіз. Бүгін астаналық 20-дан астам мекеме жұмыссыз жандарға екі жүздей бос жұмыс орнын ұсынды. Мұндай жәрмеңке жыл басынан бері жетінші рет өткізіліп отыр.

Түске дейін 250-ден астам адам келіп, әлеуметтік жұмыс орындары, қысқа мерзімді оқыту курстары, жастар тәжірибесі жөнінде кеңес алды. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, жұмыс берушілердің дені техникалық, кәсіптік мамандарға зәру.

Аяжан Қазыкеева, Астана қаласы жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

Бізге жұмыспен қамту орталығына келушілердің көбісі экономикалық, гуманитарлық, әлемуметтік саладағы маман иелері. Өкінішке қарай бізге, біздің орталыққа келетін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары көбіне техникалық мамандарға арналған.

Сонымен қатар, қарапайым жұмысшыларға жұмыс орындары бар. Алайда, жұмыс іздеушілер жұмыс орнын таңдайды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу