Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Момышұлына қатысты құпия құжаттар табылды

27.04.2022

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлына қатысты кейбір құпия құжаттар табылды. Оны батырдың немере інісіне Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкин тапсырды.

Құжаттардың ішінде партия билеті мен большевиктердің Бүкілодақтық Коммунистік партиясы мүшесінің есеп карточкасы, 1942 жылы жазылған тіркеу бланкісі, фотосуреттері бар. Ендігі Ресей тарапы Мәскеу және Подольск қаласындағы 11 мыңнан астам әскери құжаттар сақталған мұрағаттарда жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Бекет Момынқұл, Б.Момышұлының немере інісі:

Ең жақсы нәрсе маған көңілімнен шығып отырғаны. Ол кісілер маған сол Подольскіге барып жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр. Жеке өз басыма келіп, барлық көмекті береміз, көмектесеміз ,келіңіз, жұмыс істеңіз деп рұқсат берді. Керемет дүние болып отыр.


Хабарламаларға жазылу