Бас прокуратура жер учаскелеріне қатысты мәлімдеме жасады

10.07.2014
Бас прокуратура жер учаскелеріне қатысты мәлімдеме жасады

Астана тұрғындарының жер учаскелеріне қатысты өтініштері қанағаттандырылмайды. Бүгін Бас прокуратура өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Олардың айтуынша, меншік иелері саяжайларға ұсынылған өтемақыны азсынып, оны 26 миллион теңгеге дейін арттыруды өтінген.

Алайда, құзырлы орган өкілдері  бұл саяжайлар кезінде 400 мыңнан 1,5 миллион теңгеге сатып алынғандығын айтады.

Сондықтан, меншік иелерінің өтінішін қанағаттандыру үшін  ешқандай құқықтық негіз жоқ.

Айта кетейік, Астанада соңғы 4 жылда  2 мыңнан астам жер учаскесі мемлекет қажеттілігі үшін  кері қайтарылып алынған.

Ербол Таужанов, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің аға прокуроры:

Біз жер учаскелеріне қатысты арнайы тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде саяжай учаскелерін алу кезінде ешқандай заңбұзушылық әрекеттер болмағандығы анықталды. Шағымданған азаматтардың құқықтары толық сақталған.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу