Қуандық Бишімбаевтың сотына алқабилер қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуандық Бишімбаевтың сотына алқабилер қатысады

13.03.2024

Әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты негізгі сот отырысы 27 наурызға белгіленді. Оған айыпталушының өтінішімен алқабилері қатысатын болды.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың ісін «Абайсызда кісі өлтіру» бабымен қайта тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бас прокуратура Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады. «Барлық азаматтар мен БАҚ өкілдеріне жалған мәліметтер таратпауға шақырды. Қылмыстық кодексінің 407- бабына сәйкес соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және ондай әрекет үшін жазаланады», - делінген хабарламада.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу