Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

05.01.2022

Бас прокуротура Қазақстан халқына үндеу жолдады. Президент пәрменімен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысының аумағында 2022 жылғы 5 қаңтар сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейін төтенше жағдай енгізілген еді. Осыған орай, тұрғындардың - еркін жүріп-тұруына, оның ішінде көлік құралдарының кіруі мен шығуына шектеулер белгіленді. Сондай-ақ, тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттары мен заттарын, көлік құралдарын тексеруде түсіністік танытуға шақырды. Бейбіт жиындар мен ереуілдерге және басқа да жаппай іс-шараларға тыйым салынды. Қосымша уақытша шектеу шаралары ретінде 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат белгіленді. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді және де алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қойылды. Сонымен қатар, жалған ақпар таратып, арандатушылыққа жол бермеуге үндеді.

Хабарламаларға жазылу