ШҚО-да қызыл құртқа құныққандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қызыл құртқа құныққандар ұсталды

09.07.2014
ШҚО-да қызыл құртқа құныққандар ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Қызыл кітапқа еңген өсімдікті жұлып, оның тамырында болатын құрттарды жинаумен айналысқан 9 адам ұсталды.

Облыстық табиғат қорғау прокуратура қызметкерлері құрт қазуды кәсіп еткен бірінші топты Төсқайың ауылының маңынан қолға түсірді. Тексеру барысында олар «Тау шымылдық» гүлінің 337 сабағын тамырымен қопарып алғаны анықталды.

Сонымен қатар, ұсталғандардың қол дорбасынан 370 дана «кардиоцепс» құрты табылды. Бұл құрттар Қытай елінде дәрі-дәрмек жасауда кеңінен қолданылады, сондықтан, олардың құны қымбат.

Бақытжан Сансызбайұлы, облыстық табиғат қорғау мамандандырылған прокуратурасының прокуроры: 

Осы қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке 400 мың теңге көлемінде залал келтірілген. Бұл деректер бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 290-шы бабы бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері тарапынан тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Берік КӨШЕРБАЕВ              

 

 

 

Хабарламаларға жазылу