ШҚО-да ірі көлемде есірткі тасымалдағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ірі көлемде есірткі тасымалдағандар ұсталды

05.11.2019

Шығыс Қазақстан облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді. Осы фактіге қатысты 27 жастағы Алматы тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол 5 корапқа салынған есірткіні Өскемен қаласында сатпақ болған. Сараптама барысында оның үйінің кіреберісінен табылған өткір иісті өсімдік марихуана екені дәлелденді. 

Дәл осы күні Өскемен қаласындағы полиция қызметкерлері Жамбыл облысындағы әріптестерімен бірлесіп тағы 2 ер адамды қолға түсірді. Олар есірткі заттарды Шығыс Қазақстанға жеткізумен айналысқан.

Әйгерім Нұрғазина, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: 

Осы екі 2 операция кезінде полицейлермен үш күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында қамауда. Қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Осы 2 операцияда 77 келіден астам заңсыз есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта сарапатама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша марихуана және гашиш екені анықталды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу