ШҚО-да өрт кесірінен қызыл кітапқа енген құстар азайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өрт кесірінен қызыл кітапқа енген құстар азайып барады

03.04.2023

Шығыс Қазақстан облысында жиі болатын өрт кесірінен қызыл кітапқа енген құстар азайып барады. Өңірдегі орнитологтар осылай деп дабыл қағып жатыр. Әсіресе бүркіт, сұңқар, қаршыға сияқты қыран құстар сиреп кеткен. Мәселен, биыл ғалымдар өңірден 90 дуадақ ғана санаған. Ал былтыр олардың саны екі есе көп болғанын айтады. Сондай-ақ, шәукілдектер де 2000 жылдардың басынан бері 5 пайызға азайған. Басты себеп өңірдегі орманды алқаптар жиі өртенеді. Ауаның ластану деңгейі де жоғары.

Геннадий Корешков, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының жетекшісі:

Орманшылардың құсты қорғауға қазір мүмкіндігі өте аз. Өйткені алапат өрт болған кезде сөндіре алмайды. Ал төтенше жағдайлар қызыметінің құзыретіне бұл сала мүлде кірмейді. Сондықтан жан-жануарлар әлемі соның ішінде құстарды қамқорлыққа алу үшін арнайы жоба болу керек.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу