ШҚО-да ауыл маңындағы ағын су қызыл түске боялды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ауыл маңындағы ағын су қызыл түске боялды

14.04.2021

Шығыс Қазақстан облысы Березовский ауылының тұрғындары жақын маңдағы ағын судың қызыл түске боялғанын байқап, бірден бейнежазбаға түсіріп алған. Ауыл жанындағы құс фабрикасының сүзгісі мен басқа да техникасы дұрыс жұмыс істемейді, құбырлары тазаланбайды. Кесірінен табиғат ластанып жатыр дейді бейнежазба авторы. Ал қаланың Экология департаменті бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізілетінін хабарлады.  

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу