Павлодар облысында бір айда 13 адам суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында бір айда 13 адам суға кетті

30.06.2014
Павлодар облысында бір айда 13 адам суға кетті

Ауа райының салқындығына байланысты  биыл Павлодар облысында суға шомылу маусымы жылдағыдан кеш басталды.

Соған қарамастан, суға кетіп, қаза тапқандар көп болып отыр. Облыс аумағындағы суда құтқару қызметі  қазір түгелдей күшейтілген кесте бойынша жұмыс істеуде.

Май және Павлодар аудандарындағы шомылуға арналған жерлерде адамдардың суға түсуіне тыйым салынды.

Алайда, Ақсу  және Павлодар қалаларында  тәртіп орнату қиын болып тұр. Өйткені, ауа температурасы  35-40 градусқа дейін көтерілді. Соның салдарынан өткен аптаның жұма күні 4 бірдей адам суға батты.

Дәурен Тілеубаев, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

Шомылу маусымы басталғаннан бері 13 адам суға батты. Өткен аптада осындай төрт оқиға болды. Тыйым салынған жерлерге шомылып, ішімдік пайдалану осындай жағдайға әкелді. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу