Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясына 200 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Оның 30 пайызы зейнетақы, жәрдемақы және түрлі әлеуметтік төлемдерге байланысты.
Ал, 20 пайызы жұмыссыздық пен жалақыны уақытылы алмауға қатысты. 10 пайызының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына көңілі толмайды.
5 пайызы медициналық көмекке зәру, 5 пайызы сот шешімдерімен келіспейді, 5 пайызын балабақша жетіспеушілігі мен білім сапасы алаңдатады.
Тағы 5 пайызы мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметіне көңілі толмайды.
Аталған талап-тілектердің 75 пайызы сол сәтінде-ақ шешілді. 25 пайызы қазір партияның қатаң қадағалауында.
Республиканың түкпір-түкпірінен жеткен халықтың ащы дауысы партия басшылығы тарапынан ескерусіз қалмайды.
Партия төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, олардың мәселесін шешуде қағазбастылыққа еш жол берілмейді.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:
Мемлекеттік қызмет халыққа қызмет ету деген сөз. Біз бәріміз де халыққа қызмет етіп, қолымыздан келгенше мәселені заңды түрде шешіп, алдымызға келген халықты жылы сөзбен қарсы алуға тиіспіз. Олар салық төлегенде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын төлейді, деп айтуға болады. Сондықтан, бәріміз де ең бастысы, «Нұр Отан» партиясының мүшелері халықпен кері байланыс орнатып, мәселені билікке жеткізуі керек.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10