Көкшетауда ЖОО студенті есірткімен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда ЖОО студенті есірткімен ұсталды

22.04.2014
Көкшетауда ЖОО студенті есірткімен ұсталды
Көкшетау қаласында полиция қызметкерлері жоғары техникалық оқу орнының үшінші курс студентін қолға түсірді. Оқу орнындағы кабинетті тексере келе, ол отыратын партаның астынан полиэтилен қалтаға салынған 8 граммға жуық марихуана табылды. 
 
Сол күні осы студент жігітпен сыбайлас тағы бір есірткі саудагері ұсталды. Ол салмағы сегіз грамм болатын марихуана сатқан. Полиция қызметкерлері оның үйін тінтіп, марихуна салынған алты қағаз орама мен бір полиэтилен қалтаны тәркіледі.
 
Тұтқындалған азамат бұған дейін балалар үйінде тәрбиеленген және өткен жылы ғана Көкшетау қаласындағы политехникалық лицейді тамамдаған. Сондай-ақ, оның бұған дейін Қылмыстық Кодекстің 321-ші бабымен сотталғаны әрі 320-шы бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Жас жігіттер уақытша қамау изоляторына тоғытылды. 
 
Қайрат Қонақбаев, Есірткімен күрес басқармасының бөлім басшысы:
Аталған азаматтарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде есірткінің қайдан келгені анықталып жатыр.
 
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу