Қызылорда облысында көліктен 42 келі марихуана табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында көліктен 42 келі марихуана табылды

29.09.2022

Қызылорда облысында 42 келіден астам кептірілген «марихуананы» көлігімен тасымалдаған екі адам ұсталды. 45 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері «Шымкент-Самара» тас жолының - Қармақшы ауданы тұсында жол ережесін бұзған темір тұлпарды тоқтатқан. Күдік туғызған көлікті жіті тексеру барысында - 10 қапқа салынған «кептірілген марихуана» айғақ зат ретінде алынды. Есірткі зат екені сараптама қорытындысымен нақтыланған. Ірі көлемде есірткімен тұтылғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу