Дәулет Батырхан Кореяда жыл студенті атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәулет Батырхан Кореяда жыл студенті атанды

22.06.2016
Дәулет Батырхан Кореяда жыл студенті атанды

Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті - 2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы жаңалықты Фейсбукте парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті.

«Сүйінші хабар!!! Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі Батырхан Дәулет Оңтүстік Кореядағы UNIST университетінің «Жыл студенті-2016» атағын жеңіп алды», деп жазды ол құттықтауында.

Шымкент лицейінің түлегі Кореяда жыл студенті атанды

Аталмыш ЖОО сайтында «Қазақстандық студент Дәулет Батырхан (Жаратылыстану ғылымдары мектебі)  және ганалық студент Стивен Корантенг Окронипах  (Электр-есептеу техникасы мектебі) биылғы үздік  шетел студенттері атанды», делінген.

Хабарламаларға жазылу