Астанада тәртіп сақшылары жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тәртіп сақшылары жиын өткізді

17.04.2014
Астанада тәртіп сақшылары жиын өткізді
«Қайсыбіреулер қысым көрсетсе ең бірінші болып кімді жағалаймыз? Қылмыс жасалса, кімді шақырамыз? Әрине, полицейлерді. Құқық қорғау қызметінде жүргендердің жұмысы ауыр және үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
 
Сондықтан әрбір полицей міндетін мінсіз атқаруға тырыссын. Мінсіз деп, акцент түсіре айтуға да себеп болып тұр. Соңғы уақытта, қызметін асыра пайдалану, мәжбүрлі түрде болмағанды «болды» дегізіп қол қойғызу секілді фактілер кездесіп қалып жатыр.
 
Ол басқа емес, дәл Астаналық полицейлер арасында болып жатыр. Құқықты қорғайды дегеннің құқықты бұзуы парадокс. Мұндайға жол бермеу керек».
 
Қуаныш Сұлтанов, Астана қалалық Ішкі істер басқармасында өткен жиында осылай деп мәлімдеме жасады. Бұл кездесу Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің ынтасымен ұйымдастырылып отыр.
 
Отырыста Ішкі істер департаментінің заңдылықты сақтауы, адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі сөз болды.
 
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы:
Адам құқығын қамтамасыз етуде, мынау қызметтің мазмұнын, сипатын түсіну керек. Олар тек қоқан-лоққы жасап, адамдарды қорқыту арқылы емес, мейлінше адамды қорғау арқылы. Кез келген адам полицияны қорғанышы көруі керек.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ
 

Хабарламаларға жазылу