«Жас Отан» жаңа жобаны жүзеге асырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Отан» жаңа жобаны жүзеге асырмақ

01.04.2014
«Жас Отан» жаңа жобаны жүзеге асырмақ
«Жас Отан» жастар қанаты елдегі танымал қазақ және орыс тілінде өнер көрсететін «Көңілді тапқырлар клубтарын» біріктіріп, «Ұлттық көңілді тапқырлар клубы лигасы» атты жаңа жобаны іске асырмақ.
 
Бастама бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының «Жастарды қолдау» бағыты бойынша сараптама тобының отырысында таныстырылды.
Қазір «Жайдарман» сияқты өнерлі жастардың ойындары тек шығармашылық дарынды шыңдап қана қоймай, қоғамдағы өткір мәселелерді талқылай алатын бірегей алаңға айналғанын аңғартты.
 
Таланттылар биылғы ойын маусымында «Әдебиет» тақырыбын арқау етпек. Себебі, кейде жастар бос уақыттарының қадірін түсінбейді. Уақыттың құндылығын жете түсіну үшін кітап оқып, білім көкжиегін кеңейту керек. Сондықтан, бұл коммерциялық емес, әлеуметтік жоба, дейді ұйымдастырушылар. 
 

Алмат ӘБДІРАМАН             

Хабарламаларға жазылу