Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр

07.08.2020

Елордада мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынып жатыр. Қала әкімдігі Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп, осындай жобаны жүзеге асырмақ. Ақпаратқа сай, баспана қолжетімді болады және сатып алу құқығымен жалға беріледі.

Биыл 1 мыңға жуық адам қоныс тойын тойлайды деген жоспар бар. Пәтерлер мұғалімдер мен дәрігерлерге теңдей бөлінбек. Бұдан бөлек, арнайы санат бойынша кезекте тұрған тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына да үй салынбақ.


Хабарламаларға жазылу