Автокөлік отыны ретінде газды пайдалану - тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автокөлік отыны ретінде газды пайдалану - тиімді

18.03.2014
Автокөлік отыны ретінде газды пайдалану - тиімді
Автокөлікке отын ретінде газды пайдалануға жаппай көшу керек. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде айтылды. Себебі қазір бензин мен дизель отынының бағасы тұрақсыз. Оның үстіне ішкі сұранысты қамтуға отандық зауыттардың шамасы жетпейді.
 
Осыған орай алдағы уақытта Қызылорда облысында екі бірдей зауыт салу жоспарланып отыр. Оның бірі ілеспе газды сұйытса, екіншісі ілеспе газдан дизель отынын өндіретін болады. Нәтижесінде ішкі сұранысты газбен қамтуға толық мүмкіндік береді.
 
Келесі мәселе газ құю бекеттерінің құрылысы. Қазір олар көп емес, болашақта олардың санын 500-ге жеткізу көзделген. Ал сұйытылған газ қазірдің өзінде ішкі сұранысты толық қамтып тұр.
 
Жыл сайын 2 миллион 800 мың тонна сұйық газ өндірілсе соның 2 миллионы экспортталады екен. Сол себепті жанармай отыны ретінде газды пайдалану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді болып тұр.
 
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Мұнай және газ вице-министрі:
Қазақстанда бензин және дизель отынының көлемі жеткіліксіз.  1 миллион 800 мың тонна бензин мен дизель отынын басқа елден әкелеміз. Сондықтан осы тапшылықты газ арқылы азайтуға болады деп, сенеміз.
 
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу