Энергия үнемдеудің тиімді әдісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергия үнемдеудің тиімді әдісі

28.06.2014
Энергия үнемдеудің тиімді әдісі
Еліміздегі жүйе құраушы кәсіпорындардың көбі Кеңес үкіметі тұсында салынғанымен қайта жабдықтаудан өтіп, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарып жатыр. Бұл ретте Қазақстан үкіметі талап етіп отырған энергия үнемдеу бойынша да нақты іс-шаралар бар.
 
Айталық, Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты биылғы жылдан бастап қазандықтарды өндірістік газбен жылытуға көшіп жатыр. Соның нәтижесінде биылғы жылдың бес айында 15 миллион теңге қаржы үнемделген.
 
Күлділігі аса жоғары Екібастұз көмірі мен мазутты араластырып жағатын Ақсу ферроқорытпа зауыты биылдан бастап қазандықтарды газбен жылыта бастады.
 
Соның нәтижесінде 80 миллион теңге қаржы үнемдемек. Мәселен, бұрын өндіріске 9 мың тонна мазут қажет болса, енді 4 мың тонна артығымен жетеді.
 
Владимир Клименко, Ақсу ферроқорытпа зауытының Энергетикалық басқармасының басшысы:
Біз қазіргі күні Екібастұз көмірін бұрынғыдан 30 мың тоннаға үнемдеп жағатын боламыз. Бұл экологиялық тұрғыдан аса тиімді. Ауаға таралатын түтін азаяды.
 
Бұл зауыттағы жобалаушы инженерлердің бір жылғы еңбегінің нәтижесі. Қазандық трансформаторларын қайта жабдықтаудан кейін ауаға таралып жатқан миллиондаған гикокалория электр қуатын өндіріске пайдалану мүмкін болды.
 
Жанат Сләмов, №1 отын-энергетика учаскесінің операторы:
Бұрын далаға кетіп жатқан газды, мына қазандыққа пайдаланып, сол газды бетімен далаға кетірмей, мына қазандыққа келіп отыр.
 
Евгений Шайхин, цех басшысы:
Енді өнімнің өзіндік құны арзандайды. Бұл - бәсекелестікке төтеп берудің нақты нәтижелерінің бірі. Көмірді аз пайдалану арқылы 12 мың тонна күлді сыртқа шығару шығынынан құтылдық.
 
Өндірісті бүгінгі нарық талабына сай жаңғырту деген осы. Үнем болғандықтан өсім де бар. Биыл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы өсті.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу