Алматыда ғалымдар орманды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ғалымдар орманды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады

19.11.2018

Елімізде ең алғашқы орман шаруашылығы факультетінің ашылғанына биыл – 70 жыл. Осыған орай, Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде халықаралық конференция өтті.

Алқалы жиында сала ғалымдары орманды тиімді пайдалану мен қалпына келтіру мәселелерін талқылады. Себебі, елімізде орман алқаптары көп емес. Оған қоса, жыл өткен сайын жасыл желектер де азайып барады. «Сондықтан, орман шаруашылығына инновациялық бағыттарды енгізіп, өндірісте ғылыми жаңалықтарды қолдану қажет», - дейді зерттеушілер.

Жұмабай Шоманов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-Біздің елімізді білесіздер. Қазақстан жерінің 70-80 пайызы - шөлейт. Ал, орм ан - ат төбеліндей кішкентай ғана жер. Соны көбейту керек.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу