Елордада 34 мыңнан астам оқушы компьютермен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 34 мыңнан астам оқушы компьютермен қамтылады

28.08.2020

Елордада қашықтан оқитын оқушыларға 9 мыңнан астам компьютер таратылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы айтты. Қала бойынша техниканың қажеттілігіне мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде 34 мыңнан астам компьютер сатып алуға келісімшарт жасалған. 

Құрылғы, бірінші кезекте, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі. Сондай-ақ білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар міндетті түрде қамтылады. Ал осы компьютерлер арқылы үйден оқу жүйесі «BilimLand» және «Daryn.online» платформалары арқылы жүзеге асырылмақ. 

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу