Жолаушылар автобусы мен кран соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушылар автобусы мен кран соқтығысты

17.03.2014
Жолаушылар автобусы мен кран соқтығысты
Бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында Астана іргесіндегі Қосшы тасжолында ірі жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, №43 бағыттағы жолаушылар автобусы мен жүккөтергіш кран машинасы соқтығысқан.
 
Кран көлігі аударылып, жүргізушісі қатты жарақаттанған. Ал, автобустың ішіндегі 11 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Екеуі  аса ауыр халде.
 
Қазір олар республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жеткізілді. Аталған оқиғаның мән-жайы туралы алдағы хабарларымызда тарқатып айтамыз.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу