Қостанай облысында автобус тұрғын үйге соғылды

06.11.2019
Қостанай облысында автобус тұрғын үйге соғылды

Қостанай облысының Затобол кентінде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды. Өңірлік Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс орталығының іргесіндегі ауылда жолаушылар автобусы мен Volkswagen Tiguan жеңіл көлігі соқтығысты. Кейін автобус тұрғын үйдің қоршауын бұзып өтіп, үйдің өзіне соғылған.

Аймақтық Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, автокөлікте 60 жастағы әйел жүргізуші болған. «Ол қауіпсіздік белдігін тақпаған, орындық пен панельдің арасына қысылып қалған. Бас миы зақымданып, қабырғалары сынған. Оны қарау кезінде демі үзіліп, жүрегі тоқтады. Жарақаты тым ауыр болды», - деді басқармадан. Ал 42 жастағы автобус жүргізушісіне «қабырғаларының жабық сынығы, денесінің соғылуы» диагнозы қойылды».

inform.kz

Хабарламаларға жазылу