БҰҰ-ның әйелдер құрылымы жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның әйелдер құрылымы жиын өткізді

07.03.2014
БҰҰ-ның әйелдер құрылымы жиын өткізді

Олар әйелдер құқығын қорғау мен намысын аяққа таптатпау жолындағы әлемдегі, елдегі зерттеулерді көпшілікке таныстырып, ортақ іске бір кісідей жұмылуға шақырды.

 
Әйелдерге күш көрсетуге қарсы тұрайық! Осындай атаумен 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында БҰҰ-ның әйелдер құрылымы бүгін Алматыда алқалы жиын өткізді.
 
Әйелдер құқығын қорғау мен намысын аяққа таптатпау жолындағы әлемдегі, елдегі зерттеулерді көпшілікке таныстырып, ортақ іске бір кісідей жұмылуға шақырды.
 
Жалпы, бүгінде әлемдегі кез келген үшінші әйел қорғансыздың күйін кешеді. Ал жер шарының 603 миллион бұрымдысы үй тұтқынына айналған өмірін қылмыс деп санамайды.
 
Ішкі істер министрлігі ақпаратына сенсек, біздің елде нәзік жандылардың 70 пайызы ерлер тарапынан қысым мен қорлық көрген. Соңғы 5 жылда төмен етектілерге күш көрсету 4 есеге артқан.
 
Өркениет кезеңінде әйелдерді өктемдікпен күресуге үндеген ұйым, шара барысында «Дәрменсіз әйел» атты көркем фильмнен үзінді көрсетті.
 
Мақпал Исабекова, фильмнің бас ролін сомдаушы:  
Бұл фильм біздің қоғамдағы өзекті мәселені көтереді. Әлдінің әлсізге күш көрсетуі - Айман мен Азаматтың отбасындағы қалыпты жағдай. Мұндай қарым-қатынас, қазір көптеген отбасыларда кездеседі. Сондықтан бұл туындыдан ересектер ғана емес, жастар да ой түйеді деген ойдамын. Фильм әйелдердің еркекке қол көтеруін көксемейді, қайта әйел затының да өз намысын қорғап, құқығыңды аяққа таптатпау керек дегенді айтады. 
 
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу