БҰҰ «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі іс-шараларын қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі іс-шараларын қорытындылады

05.09.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі БҰҰ-ы павильонын бүгінге дейін 100 мыңдай адам тамашалаған.  Бұл ақпаратпен ұйым өкілдері бөлісті. Халықаралық шара басталғалы әмбебап ұйым адам дамуы бойынша есеп беру, жастар хакатонын, яғни, кішігірім форумдар, көркем өнер шеберлік сағаттары, халықаралық жастар күні тәрізді бірнеше маңызды шара өткізді. Ал, БҰҰ-ның даму бағдарламасы дайындаған бірқатар жоба Қазақстанға тарту етіледі. Олардың қатарында Күн ресурстарының атласы, интерактивтік құмсағат тәрізді қызықты әрі пайдалы экспонаттар бар.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу