Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді

14.07.2015
Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді

БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен 2009 жылдың 18 шілдесінен бері Нобель сыйлығының лауреаты Халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтіп келеді.  

Осыған орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді.

Шараға ҚазҰУ-дың басшылығы, Оңтүстік-Африка Республикасының  Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шириш Манаклал Сони, БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек және университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысады.

Сондай-ақ, «Халықаралық Нельсон Мандела күні: белсенді еріктілер құрылымы» атты  тақырыпта семинар өтізіліп, ҚазҰУ мен Durban University of Technology (ОАР) университеттері оқытушылары және  студенттерінің қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу