Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған

03.03.2014
Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобуста 53 жолаушы болған
Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағында болған көлік апатынан 9 адам қаза тапты. Тағы 11 жолаушы ауруханаға жеткізілді.
 
Апат түнгі сағат 10-дар шамасында Алматы-Ташкент тасжолының бойында болған. Ішінде 53 жолаушысы бар, Өзбекстан Республикасына қарай бағыт алған автобус «Мерседес» шағын автобус көлігімен соқтығысқан.
 
Апаттан қайтыс болғандардың біреуі - көлік жүргізушісі, өзгесі - көршілес Қырғыз елінің азаматтары. Көлік апатына тап болған жолаушыларды құтқаруға төтенше жағдайлар қызметінің 2 техникасы мен 9 қызметкері жұмылдырылды. Бұл оқиғаға байланысты облыстық Ішкі істер департаменті әзірге қандай да бір мәлімет беруден бас тартып отыр.  
 
ҒаниҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу