«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолында 2 автобус апатқа ұшырады
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының Жамбыл облысы аумағында екі бірдей жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Күре жолдың 239 шақырымында жүк көлігімен соқтығысқан қос автобуста 46 адам болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Төрт жолаушы жеңіл жарақаттармен Қордай аудандық ауруханасына қаралып, үйлеріне қайтарылған. Қою тұман мен көктайғақтың салдарынан осы жолдың 472 шақырымында бір мезетте 14 автокөлік соқтығысты. 2 адам жарақаттанған. Қазір жол қозғалысы ретке келтіріліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 20:13
Франция мен Испания финал жолдамасы үшін таласады
14.07.2026, 20:13
Есік көлінің маңы қоқыстан тазартылды
14.07.2026, 20:13
Саясаткерлер мен партияларға бөлінетін қаржы қатаң бақыланады
14.07.2026, 20:12
Халықтық Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
14.07.2026, 20:11
Саясаттанушы: Құрылтай – үлкен саясат алаңы
14.07.2026, 20:10
Құрылтай депутаттығына 546 үміткер ұсынылды
14.07.2026, 20:09
Инвестиция игілігі
14.07.2026, 20:07