Әлияның ерлігі ұмтылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлияның ерлігі ұмтылмайды

11.02.2014
Әлияның ерлігі ұмтылмайды
II Дүниежүзілік соғыста Новосокольники қаласының азат етілгеніне 70 жыл. Осы шайқаста қазақ қызы Әлия Молдағұлова ерлікпен қаза тапты. Ресей Федерациясының Псков облысының басшылығы ақтөбелік делегаттарды арнайы шақыртқан болатын.
 
13 адам Монаково бауырластар зиратындағы шеруге қатысып, Мәскеу қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы мектеп оқушыларымен жүздесті. Елге келген соң арнайы топ оқушы, студенттермен кездесу өткізді. Новосокольники шайқасы мен Әлия ерлігін еске салды.
 
Ғалымжан Бәйдербес, «Қос-Шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Новосокольникиді азат етуде қазақстандықтар да үлкен үлес қосқан. Соның ішінде қанша адам екені белгісіз. Бірақ 8 адамға Әлиямен бірге ескерткіш тақта қойылған. Соларға тағзым етіп, бауырластар зиратында болып, сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры мәншүк Мәметованың зиратына барып, Небельге тәу етіп келдік.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу