Қардан жасалған қару - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қардан жасалған қару

10.02.2014
Қардан жасалған қару
Қардан жасалған қаһарлы қару. Қостанай облысындағы Затобол кентінің тұрғыны  СУ-122/44  жылжымалы зеңбірегінің мүсінін қардан қашап жатыр. Ұзындығы - 6, ені - 3, биіктігі - 2 метрден асатын зеңбіректі жасауға 20 текше метрге жуық қар пайдаланылған. 
 
Руслан Мухаматяров достарымен бірлесіп өткен жылы Т-34 танкісінің мүсінін дайындаған. Қардан жылжымалы қарулардың бейнесін жасау идеясы интернеттегі  «World of tanks» ойынына қатысу мақсатынан туындады.
 
Ойын шарты бойынша XX ғасырдағы танктердің бейнесін түпнұсқасына барынша ұқсату қажет. Осы үдеден шыққандар жүлделі орындарға ілігеді. Бұл ойынға ТМД елдері бойынша мыңдаған адамдар қатысады. Былтыр Руслан мен оның достарының туындысы  10 мың мүсіннің ішінде топ жарып, 2-ші орынды иеленген болатын.
 
Руслан Мухаматяров, Затобол кентінің тұрғыны:
Қардан экипаж мүшесінің де мүсінін жасаймыз. Ол люктен жартылай шығып тұруы керек. Енді 10 күннің ішінде жұмысты толық аяқтаймыз деп ойлаймын.
 
Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу