АҚШ: Сенат қару саудасы туралы заңды қатаңдатуға бет бұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ: Сенат қару саудасы туралы заңды қатаңдатуға бет бұрды

13.06.2022

АҚШ сенаторларының партия аралық тобы қару қауіпсіздігі туралы заңға қатысты бірқатар келісімге келді. Оған сай, 21 жасқа дейінгі америкалықтар қару сатып алу үшін қатаң тексерістен өтуі керек. Бұған қоса, қаруды заңсыз жолмен сатып алуға қарсы күрес күшейе түспек. Ұсыныстарды 10 республикалық сенатор қолдаған. Демек заңды қабылдауға қажетті дауыс жинауға мүмкіндік бар. Президент Байден жоспарды қолдағанымен, оның өзі ұсынған ережелерден әлдеқайда бөлек екенін мәлімдеді.

Бұған дейін қару туралы заңды қатаңдату әрекеттерінен түк шықпаған. Бұл жолы күллі АҚШ аумағында ондаған мың адам жаппай шеруге шыққаннан кейін сең қозғалды. Қарумен жасалған зорлық-зомбылықтардан қажыған америкалықтар қару қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу