Рождество тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рождество тойланды

07.01.2014
Рождество тойланды

Рождество православ дініндегілер үшін қасиетті мерекелерінің бірі. Христиандар үшін бұл отбасылық мереке болғанымен, шіркеуге барып құдайға құлшылық етіп, марқұмдардың рухына арнап майшам қоюды да ұмытпайды.

 
Рождество православтар үшін тек діни ғана емес әлеуметтік сипатқа да ие. Олар бұл күнді қайырымдылық пен бейбітшілік және төзімділік мерекесі деп таниды. Осы күннен барлық ізгілік пен мейірімділік бастау алады деп түсінеді.
 
Епископ Гурий, Петропавл және Булаев епархиясының басшысы:
Мен шын көңіліммен сіздерді осы ұлық мерекемен құттықтаймын. Рождество жақсылық пен рухани тазарудың бастауы. Елімізде тыныштық, береке-бірлік болсын.
 
Бұл күні барлық шіркеулерде құдайға құлшылық етіп, аспанда алғашқы жұлдыздың пайда болуын күтті. Сенім бойынша бұл сәт Иса пайғамбардың дүниеге келгені туралы хабар берген. Ал мереке қарсаңында талантты балалар үшін суреттер байқауы ұсйымдастырылды. «Рождестводағы салтанат» деп аталған бұл сынға 400-ден астам шығарма қойылған.
 
Татьяна Пшенова, қазылар алқасының мүшесі:
Байқауға 418 жұмыс ұсынылды. Барлығы да үздік деген атауға лайық. Бірақ біз олардың ішінен ең әдемісін, шеберлікпен жасалған туындыларды таңдадық. Барлық қатысушыларға сыйлықтар табыстадық.
 
Рождество қарсаңындағы күндерді православтар Сочельник деп атайды. Бұл күндері 40 күндік ауыз бекіту аяқталады. Православтардың сенімі бойынша Жаңа жылды тәні мен рухын тазартып қарсы алу керек.
 
 
Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу