Рождествоны атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рождествоны атап өтті

07.01.2014
Рождествоны атап өтті

Рождество мейрамында Орал қаласының тұрғындары шіркеуге жиналды. Оларды мерекемен облыс және Орал епархиясының басшылығы құттықтады.

 
Иса пайғамбардың дүниеге келген күні Рождество, православ дінін ұстанатындар үшін Пасхадан кейінгі ұлық мереке. Осыған орай діни ғұрыптарды орындау Орал шіркеулерінде бүгін түн ауа басталды.
 
Жиналғандар құдайға құлшылық жасап, жөн жоралғыларын атқарды. Бірін бірі құттықтап, мерекелік дастарқан жаю да осы күнгі жақсы дәстүр. Рождествоны тойлау үш күнге ұласады.
 
Валентина Лещинская, Орал қаласының тұрғыны:
Рождество құтты болсын! Мен барлық жанды осы мейраммен құттықтаймын.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу