Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

07.01.2016
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

«Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіруде.

Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты.

Барлық конфессиялар өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосуда. 

Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін!»,-деді Мемлекет басшысы құттықтауында.

Хабарламаларға жазылу