Ақтөбелік жас футболшылар «Реал Мадрид» академиясына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік жас футболшылар «Реал Мадрид» академиясына жолдама алды

28.05.2019

Облыс орталығында «Ақтөбе Мектеп лигасы» ойындары өз мәресіне жеткен болатын. Қазақстанда баламасы жоқ жобаға биыл 200-ден астам команда қатысқан.

Финалдық ойындар Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтті. Нәтижесінде үздік ойын көрсеткен №48 мектептің құрамасы биылғы оқу жылының жеңімпазы атанды. Олар «Реал Мадрид» футбол академиясына жолдама алды. Енді олар 10 күн бойы әлемдік гранттың футбол базасымен танысады.

Айта кетелік, «Ақтөбе Мектеп лигасы» - елімізде тұңғыш рет бастау алған балаларға арналған жоба.

Асхат Қалжанов, облыстық футбол қауымдастығының бас хатшысы:

- Қыркүйек айында басталды. Жалпы 231 команда қатысты. Барлық қала бойынша 77 мектеп 3 құрамадан шығарды. Білім министрлігінен комиссия келді .Олар он мектепті тексерді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу