Жарыс 21 наурызда «Дәулет» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр. Сайысқа бірде-бір кәсіпқой спортшы қатыспайды, тек халыққа танымал тұлғалар белдеседі. Чемпиондық белдікті жас ерекшелігі 16 мен 36 жас аралығындағы жас өнерпаздар сарапқа салмақ. Бүгінде ниет білдірген өнер адамдарының ішінен 18 палуан іріктелініп алынды. Дүбірлі доданың басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мен дамытудан бөлек, Жастар жылы аясында жастарға үлгі көрсетіп, өнеге беру.
Балғынбек Имашев, Айтыскер ақын, «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің ұйымдастырушысы:
- Барыс деген ұғым алдағы дамудың, өркендеудің, жүйріктіктің, күштіліктің белгісі болғаннан кейін осы жобаны да «Өнер барысы» деп алып отырмыз. Осы идеяны айтып, сырға таққан, шаш бояған, ыңырсыған, жабысқан, денесін көрсетіп тұратын киім киіп, тыртын-тыртын етіп билеген өнер адамдары біздің жастарға үлгі болмасын, біз білекті әрі жүректі , ер мінезді отбасына ие бола алатын азаматтарды тәрбиелеуіміз керек қой. Сол идеядан шыққан негізі.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ