Астанада шахматтан Әлем чемпионатының алғашқы туры өтті. ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан Шахмат Федерациясының президенті Ғалымжан Есенов алғашқы ойынды бастап берді. Қазақстандық ерлер командасы Англия ойыншыларымен кездессе, қыздар құрамасы 2 жыл бұрын чемпион атағын тағынған ресейлік командамен ойнап, 3:1 есебімен есе жіберді. Екінші және үшінші турда Қытай және Ресей құрамаларына қарсы ойнайды. Қазақстан командалық әлем біріншілігіне 3-ші рет қатысып жатыр. «Сондықтан, спортшыларға бірден үлкен мақсат қоюға болмайды», - дейді мамандар.
Гүлмира Дәулетова, Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасының мүшесі:
- Осындай биік дәрежедегі жарыс күнделікті болмайды. Сондықтан, мұндай үлкен мүмкіндік үшін ФИДЕ-ге алғысымызды білдіреміз. Орташа рейтинг бойынша біз алтыншы орындамыз. Бірақ жалпы потенциалға қарайтынын болсақ, онда алғашқы үштікке күресуге барлық мүмкіндіктер жеткілікті.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ