Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

20.02.2019

Астанада наурыздың 4-15-і аралығында классикалық шахматтан командалық Әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Аталған ауқымды шара қазақ жерінде алғаш рет ұйымдастырылуда және оған әлемнің 14 елінен 20 команда қатысады.

Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылардың қатарында Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдумәлік, Әнуар Исмағамбетов, Мұртас Қажғалиев сынды бас-аяғы 10 шахматшы бар. Жаһандық жарыс «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ғимаратында өтеді. Әзірге чемпионаттың жүлде қоры нақты қанша екені белгісіз.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Шахмат көп қаражатты қажет етпейді. Хоккей, футбол сияқты емес. Негізінен көп қаражат бөліп жатқан демеушілер - ойыншылардың өздері.

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу