Астанада шахматтан Әлем чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты басталды

04.03.2019

Қазақстанда алғаш рет шахматтан Әлем чемпионаты өткелі отыр.  Бүгін Астанада жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Елордағы чемпионатта әлемнің  14 елінен жиналған 20 команда бақ сынайды. Жарыс айналым жүйесімен өтеді. Барлығы 9 кезеңнен тұрмақ. Әлемнің үздік шахматшылары наурыздың 14-і күні анықталады. Қазақстандақ командаға кемінде алдағы бестіктен көріну мақсаты қойылған. Дегенмен спортшылар бас жүлдені жеңіп аламыз деп үміттеніп отыр.

Жандос Әбішев, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

- Бұл чемпионаттың Қазақстанда өткізіліп отырғандығы біздің спортшылардың беделін көрсетеді. Жаһан бізбен санаса бастады. Федерациямыздың қызметкерлері әлемдік ұйымдарға, турнирлерге төреші, комиссия мүшесі ретінде таңдалып алынды. Сондықтан, біздің команда бас жүлдені жеңіп алады деген үміттеміз. Айданаға мың алғыс.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу