Геннадий Головкин мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтаспайтын болды
Олардың алғашқы екі кездесуі де қазылардың екіұдай шешімімен аяқталғандықтан, кәсіпқой бокс әлемі орта салмақта кімнің мықты екенін анықтау үшін үшінші рет жұдырықтастыруды талап етті. Жуырда бұл бағытта келіссөздер басталап та кетті деген ақпарат таратылған еді. Бірақ, бүгін мексикалықтың ісімен айналысатын «Golden Boy» промоутерлік компаниясы 4 мамырда Альварес осы орта салмақта IBF тұжырымы бойынша Әлем чемпионы америкалық Дэниел Джейкобспен күш сынасатынын ресми түрде мәлімдеді. «Канелоның» соңғы жылдары өз жекпе-жектерін Мексиканың ұлттық мерекелеріне орай 4 мамыр мен 16 қыркүйекте өткізіп жүргенін ескерсек, көпшілік күтіп отырған GGG мен Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі күзде ұйымдастырылуы мүмкін. Ал, әзірге қазақстандықтар Геннадий Головкиннің отбасындағы қуанышына ортақтасып жатыр. Даңқты жерлесіміздің екінші ұлы дүниеге келді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
