Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан халықаралық турнир жалауын көтерді. Жетісу кубогын сарапқа салуға спортшылар Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша елдерінен келді. Жарысқа Ресей Федерациясының 5 командасын қосқанда, барлығы 10 команда қатысуда. Екінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дода Тұңғыш Президент күніне орайластырылды. Спортшылардың алды 70-ке жуықтаған. Жарыстың басты мақсаты - бұқаралық спортты дамытып, волейболға деген қызығушылықты арттыру.
Амангелді Шабдарбаев, «Жетісу» ардагерлер командасының мүшесі:
- Көптегенадамдар келіп отыр. Оның ішінде жастар бар. Сондықтан, мұндай турнирлер жиірек болса, жастар волейболды көбірек ойнайды. Міне, мына турнирге былтыр шетелден 8 команда келіп еді, биыл 10 команда келіп отыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.