«Астана» чехиялық «Яблонецті» жеңді
Еуропа Лигасындағы кезекті жеңіс. Елордалық «Астана» футбол клубы өз алаңында чехиялық «Яблонецтен» басым түсті. Қазақстандық ұжым жанкүйерлері алдында бірінші нөмірмен ойнауға тырысты. Нәтижесінде 18-ші минутта Педро Энрике Астананы алға шығарды. Алайда, 41-ші минутта қонақтар есепті теңестіріп кетті. Осыдан кейін алаң иелерінің төпелеп жасаған шабуылы нәтижесін бермей жатты. Дегенмен, «Астана» ойыншылары мінез танытып, ойын аяқталуға бірнеше минут қалғанда жеңісті суырып алды. Осылайша, Қазақстандық команда 8 ұпаймен К тобында көш басына шықты. Енді елордалық ұжым Еуропа Лигасы аясындағы келесі ойынын 29 қараша күні қонақта киевтік «Динамоға» қарсы өткізеді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
