Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның мексикалық қарсыласы Сауль Альварес орташа салмақта қайта жұдырықтасу үшін Лас-Вегасқа барды. Олар сенбі күні әйгілі «Ти-Мобайл Аренада» кездеседі.
Осы серия бойынша чемпиондық атақ үшін Альварес пен Головкин бір жыл бұрын рингке шыққаны белгілі. Бірақ, сол 12 раунда ешкім жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан, тараптар реванш-матч өткізуге келісті.
Бұл жолы Головкин қайтсе де ұтуға мүдделі. Өйткені, оған осы салмақта Әлем чемпионы титулын сақтап қалу қажет болып отыр.
«Дәл қазір әңгіме де, жағдай да мүлде басқаша. Мен де, Канело да дайын. Тағы да әдемі күнге, тағы да әдемі кездесуге куә боласыздар», - дейді Головкин.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.