Атыраулық паражүзушілер Әлем кубогын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық паражүзушілер Әлем кубогын иеленді

18.06.2018

Атыраулық паражүзушілер Германияның астанасы Берлинде өткен Әлем кубогынан 6 медальмен оралды. Бұл сайысқа 55 елден 700-ден астам спортшы қатысты. Жарыстың алғашқы күні атыраулық Ержан Сәлімгереев 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде чемпион атанды. Ержан бұған қоса, 50 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде күміс және 50 метрде еркін әдіспен жүзуде қола медальға ие болды. Тағы бір жерлесіміз Дмитрий Ли Қазақстан ұлттық құрамасы сапында эстафеталық сайыста чемпион атанды. 200 метрлік кешенді жүзуде күміс жүлдеге қол жеткізді. Онымен қоса, жарыстың алғашқы күні 200 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдені жеңіп алды. 

Ержан Сәлімгереев, Әлем кубогының жеңімпазы:

- Келесі жарысым Индонезияда өтетін Жазғы Азия ойындары болмақ. Мен сол жарысқа қатысуға жолдама ұтып алдым. Жеңіске жетуім үшін барлық күш-жігерімді салатын боламын.

 

Ө. ЖАҢАБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу