Басты Жаңалықтар Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді

Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді

Сауль Альварестің промоутері Оскар де Лая Хойя Геннадий Головкинмен екінші кездесудің болмайтынын жария еткен болатын. Алайда, кейін жекпе-жектің өтетінін туралы айтты. Головкин мен Альварестің қарымта айқасы 15 қыркүйекте, бірінші жекпе-жек өткен жерде Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena»-да өтеді. Алғашқы және даулы кездесу тең нәтижемен аяқталған еді.

Боксшылардың промоутерлері келісім жасауға берілген мерзімнің соңғы сәтінде айқасты өткізуге ортақ мәмілеге келген болатын. Осылайша, Головкин кірістерді 42,5 пайыз және 57,5 пайыз ұстанымы бойынша бөлуге келісті, деуге болады. Яғни, бұл жерде пайданы «Канело» көбірек көреді немесе олар кірісті басқаша бөлісудің жолын тапты. Сарапшылардың пікірінше, Головкин екінші жекпе-жектен 40 миллионнан астам доллар табыс табуы мүмкін.

Айта кетейік, қыркүйектің 15-інде өтетін тарихи кездесу «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Бөлісу